TikTok қолданушыларының бірі актермен құда болып жатқанын айтып, отбасылық кездесуден үзінді жариялаған.
«Күйеу баламыздың ағасы Нұрлан Әлімжан жұбайы Аяжанмен», – деп жазды видео авторы.
Желі қолданушылары актердің жұбайының сұлулығына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
Олардың арасында: «Келіншегі өте сұлу екен», «Әдемі жары бар екен», «Әйгерімі қайда?», «Әйелі Әйгерімге ұқсайды екен» деген пікірлер жиі кездеседі.