Halyqstan мәліметінше, балалардың бірі айқайдан оянып, анасын ауыр жағдайда тауып алған. Әйел ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғанымен, көп қан жоғалту салдарынан дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
Оқиғадан кейін ер адам да өзіне жарақат салған. Ол аман қалып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін полицияның бақылауына алынды.
Ерлі-зайыптының некеде тұрғанына 25 жыл болған. Олардың төрт баласы бар.
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, марқұм әйел бұған дейін күйеуінің тарапынан болған зорлық-зомбылыққа байланысты полицияға шағымданбаған.
«Күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полиция департаменті.
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.