Мәзір
Бүгін, 15:45 / BuginMedia / Жаңалықтар

Атыраудағы отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиева мен оның балаларының тағдыры белгілі болды

Туыстарының қаза болуына байланысты қайғылы оқиғадан кейін тағдыры көпшілікке белгісіз болып келген Ақбаян Мұқанғалиева Атыраудағы Психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған. Қазір ол ауруханадан шығып, балаларымен алғаш рет кездескен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Атыраудағы отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиева мен оның балаларының тағдыры белгілі болды Атыраудағы отбасының өлімі: Ақбаян Мұқанғалиева мен оның балаларының тағдыры белгілі болды
ҚР ІІМ видеосынан алынған фото

Tengrinews.kz дерегінше, Ақбаян Мұқанғалиева Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында емделген. Оның жағдайы туралы Атырау облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Ғиниятова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мұқанғалиева емдеу курсынан кейін ауруханадан шыққан. Алайда әйелдің емі әлі де жалғасуы мүмкін. Туыстарының сөзінше, ол психикалық денсаулық орталығына тағы 10 күнге жатуды жоспарлап отыр.

Мұқанғалиева балаларымен өткен аптада алғаш рет жүздескен. Бірнеше күннен кейін орталыққа қайта келген. Екі жағдайда да оның жанында анасы мен туыстары болған.

«Ол балаларына алғаш рет өткен аптада келді. Бір-екі күн бұрын екінші рет келіп, ауруханаға тағы он күнге жататынын айтты. Екі рет те анасы туыстарымен бірге кешкі уақытта, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келген. Бірінші рет шамамен 19:30-да, екінші рет 20:30 шамасында болды», – деді Құндыз Ғиниятова.

Мекеме қызметкерлері анасының балаларымен сөйлесуіне мүмкіндік берген. Орталық директорының айтуынша, Мұқанғалиева балаларын ұзақ уақыт көрмегендіктен, онымен кездесуге рұқсат берген.

«Оның келмегеніне көп болғандықтан, балаларымен жүздесуге рұқсат бердік. Бетін қайтара алмадық. Балаларын көрсін, олар да анасын күтіп жүр ғой», – деді ол.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2