Мәзір
20 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Перизат Қайраттың ісі бойынша тың дерек шықты

Қайырымдылыққа бөлінген 1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынған блогер, кәсіпкер Перизат Қайраттың да анасы Ғайни Алашбаева да істі болуы мүмкін, деп хабарлайды buginmedia.kz

Перизат Қайраттың ісі бойынша тың дерек шықты Перизат Қайраттың ісі бойынша тың дерек шықты
Фото: t.me/kozachkow

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, ақша жымқыру бойынша блогердің анасы да күдікке ілінді.

«Бірер күн бұрын Алашбаева жымқыру бойынша күдікке ілінді. Тергеу мәліметі бойынша ол қазақстандықтардың көктемгі су тасқынына деп жинаған ақшаны қызына қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен», - деп жазды журналист Михаил Козачков.

Azattyq Rýhy тілшісі осы орайда Қаржылық мониторинг агенттігінен сұрау салғанда бұл ақпаратты жарияламағанын хабарлады, алайда мәліметті жоққа да шығарған жоқ.

Апта талқысында: