Мәзір

Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс істеп жүргені белгілі болды

Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс істеп жүргені белгілі болды Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс істеп жүргені белгілі болды
Фото: instagram.com/01pk

Қайырымдылық қорына түскен қаражатты жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан мекемеде еден жуушы болып жұмыс істейді. Ал оның анасы Ғайни Алашбаева әзірге еңбекке тартылмаған. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ulysmedia редакциясының сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Перизат Қайраттың анасы жұмысқа орналаспаған

Басылым сотталғандардың колониядағы еңбек қызметі, жалақысы, тұрмысы және мекеме ішіндегі іс-шараларға қатысуы жөнінде ҚАЖ комитетіне ресми сауал жолдаған.

Ведомствоның мәліметінше, Перизат Қайрат мекемеде тазалық жұмыстарымен айналысады. Нақтырақ айтқанда, еден жуушы болып жұмыс істейді. Ал оның анасы Ғайни Алашбаева әзірге ешқандай жұмысқа тартылмаған.

Комитеттің жауабында сотталғандардың жеке ісіне қатысты кейбір мәліметтерді жариялауға заңмен шектеу қойылғаны да айтылған. Атап айтқанда, Перизат Қайрат пен анасының жалақысы туралы ақпарат берілмеген.

Перизат Қайрат не үшін сотталды?

Еске салайық, Перизат Қайрат «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қайырымдылық қорының жетекшісі болған. Қор 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға және Палестина тұрғындарына көмек көрсету үшін қаражат жинаған.

Алайда тергеу барысында жиналған ақшаның бір бөлігі мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Сот Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ сот олардың мүлкін тәркілеу және жәбірленушілерге 1,582 миллиард теңге өндіру туралы шешім шығарды. Апелляциялық сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2