Дереккөзге сүйенсек, агенттіктің иттері сондай-ақ есірткі тасымалына қатысты 33 қылмыстың бетін ашқан.
«Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізуге қатысты 17 факт анықталды. Бұл валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллар мен 9 500 еуроға тең. Оның ішінде 15 факт Алматы қаласында, 2 факт Маңғыстау облысында тіркелген», - деп хабарлайды ҚМА.