Бұл туралы бүгін Сенат қабырғасында журналистердің сұрағына жауап берген ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.
Ол алдымен тергеушілер Шерзат Полаттың өліміне қатысты 11 қылмыстық іс тергеп біткенін, іс материалдары осы жылдың соңына дейін екі тарапқа танысуға берілетінін айтты. Баланың өліміне қатысты 11 адам қамалған.
«Ал, Шерзат Полаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сот шешімі болйынша осы айдың соңында, мерзімі өткен соң босайды», - деді ол.