Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Әлеуметтік желіде балағат сөз жазғандарға айыппұл салу ұсынылды

Әлеуметтік желіде балағат сөз жазғандарға айыппұл салу ұсынылды Әлеуметтік желіде балағат сөз жазғандарға айыппұл салу ұсынылды
ашық дереккөз

Қазақстанда әлеуметтік желіде былапыт сөз жазғандарға қолданылатын жазаны өзгерту ұсынылды. Құрылтай депутаты Гүлзира Атабаева мұндай әрекет үшін әкімшілік қамақпен шектелмей, айыппұл салу мүмкіндігін де қарастыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Депутат әлеуметтік желідегі әдепсіз жазбалардың балаларға да кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай құқық бұзушылықтарға жауапкершілік қарастырылғанымен, жаза түрлерін көбейту қажет.

Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабында ұсақ бұзақылық үшін қоғамдық жұмысқа тарту немесе әкімшілік қамаққа алу көзделген. Ал құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 30 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы қолданылуы мүмкін.

Гүлзира Атабаева соттарға істің мән-жайына қарай жаза таңдауға мүмкіндік беруді ұсынды. Ол айыппұлды да балама жаза ретінде қарастыру қажеттігін жеткізді.

Министр депутаттың ұсынысына не деді?

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев бұл бастаманы қолдайтынын білдірді. Оның айтуынша, заңдағы басты мақсат адамдарды жаппай жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алу болуы керек.

«Біздің мақсатымыз – құқық бұзған адамды қалай да қамау немесе жазалау емес. Керісінше, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік беретін нормалар қабылдау», – деді министр.

Сондай-ақ ол депутаттың ұсынысын құқық қорғау органдары өкілдері қатысатын жұмыс тобында талқылауға дайын екенін айтты.

Айта кетейік, онлайн-платформалар мен масс-медиаға қатысты заң жобалары Құрылтайда бірінші оқылымда мақұлданды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2