Мәзір
17 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Экономика

Сарапшылар 2025 жылы доллар бағамы қанша болатынын айтты

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) сарапшылары биылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, доллар бағамына болжам жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сарапшылар 2025 жылы доллар бағамы қанша болатынын айтты Сарапшылар 2025 жылы доллар бағамы қанша болатынын айтты
Фото: pixabay

ҚҚҚ сарапшыларының есептеуінше биыл теңге жалпы 10%-ға құнсызданған. Оған себеп – ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныстың жоғары болуы. Ал нарықта сұранысты жабатындай валюта болмады.

"2025 жылы сарапшылар доллар бағамы 545,2 теңгеге жетеді деген болжам жасайды. Ұлттық валютаның әлсіреуіне ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін қысқаруы, Қытай мен Еуропадағы экономикалық өсімнің баяулауы, импорттың артуы, геосаяси ахуалдың күрделенуі және инвесторлардың тәуекелді активтерден қашуы сияқты факторлар әсер етуі ықтимал", - делінген болжамда.

Апта талқысында: