Мәзір

Қазақстанда түнде үсік жүріп, күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанда түнде үсік жүріп, күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріледі Қазақстанда түнде үсік жүріп, күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріледі
ашық дереккөз

Қазақстанда 29 қазанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысында жауын-шашынсыз күн райы күтілсе, солтүстік пен шығыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын болжанады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмендейді.

Күндіз солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы +0…+10 градус аралығында болады. Ал елдің батысы мен оңтүстігінде күн жылынып, ауа температурасы +17…+22 градусқа дейін көтеріледі.

Батыс өңірлерде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, жайлы күзгі ауа райы сақталады. Ал солтүстік пен шығыста және оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын түсуі мүмкін.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2