Танымал актер Бекжан Тұрыстың отбасында қуанышты жаңалық. Өнер иесінің ұлы Мағжан үйленіп, жақындары мен туыстарының ортасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Салтанатты кешке жиналған ағайын-туыс жас жұбайларға ақ тілектерін айтып, қуаныштарына ортақтасқан.
Той қазақы дәстүрге сай ұйымдастырылып, кеш барысында «Жар-жар» әні шырқалды. Сонымен қатар, қонақтар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылған.
Той тізгінін ұстаған асабаның айтуынша, арнайы дайындалған сандықтардың бірінде тіпті жаңа автокөліктің кілті жасырылған болуы мүмкін. Бұл тосынсый қонақтардың қызығушылығын арттырып, мерекелік кештің көркін қыздырды.