Мәзір

Ақтауда балалар ауруханасында ер адам дәрігерді қылқындырды

Ақтауда балалар ауруханасында ер адам дәрігерді қылқындырды Ақтауда балалар ауруханасында ер адам дәрігерді қылқындырды
Фото: Pixabay

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде баланың әкесі дәрігерге шабуыл жасаған. Оқиға 31 қазан күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Балалар хирургі науқасты тексеріп, оны ауруханаға жатқызуға медициналық көрсетілім жоқ екенін түсіндірген. Алайда, баланың әкесі дәрігердің шешіміне ашуланып, оған тап берген. Медицина қызметкерін бірнеше адам әрең дегенде арашалап қалған.

Аурухана мәліметінше, зардап шеккен дәрігер қазір жұмысқа оралып, кезекшілікке кіріскен.

Полицияның хабарлауынша, жанжалға баланың әкесінің медицина қызметкерлерінің қарым-қатынасы мен көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңілі толмауы себеп болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция шабуылдан бір медицина қызметкері зардап шеккенін мәлімдеді. Ал әлеуметтік желілерде екі дәрігердің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған.

Оқиға желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Олар медицина қызметкерлеріне күш қолдану әрекетін айыптап, ауруханалардағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін жазып жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2