Мәзір

Қазақстанда 28 қазанда ауа райы қандай болады?

Қазақстанда 28 қазанда ауа райы қандай болады? Қазақстанда 28 қазанда ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөз

28 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде түнде ауа температурасы нөлден төмендейді. Күндіз күн жылынғанымен, таңертең ел аумағының басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін. «Қазгидромет» синоптиктері ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада көшпелі бұлт болып, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады. Түнде ауа температурасы -1…-3°C, күндіз +8…+10°C аралығында сақталады. Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жел 3-8 м/с соғады. Түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C болады. Ал Шымкентте түнгі температура +3…+5°C, күндіз +17…+19°C-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +4…+6°C, күндіз +17…+19°C аралығында күтіледі. Ақтөбеде түнде -3…-5°C-қа дейін суытып, күндіз +14…+16°C болады. Атырауда түнгі температура +2…+4°C, күндіз +16…+18°C шамасында сақталады.

Жезқазғанда түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C болады. Көкшетауда түнгі ауа температурасы 0…+2°C, күндіз +8…+10°C аралығында күтіледі. Қарағандыда түнде -1…-3°C-қа дейін суытып, күндіз +6…+8°C болады. Қонаевта түнгі температура -2…-4°C, күндіз +12…+14°C шамасында сақталады. Қалада желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа жетеді.

Қостанайда түнде -2…-4°C, күндіз +10…+12°C болады. Қызылордада түнгі температура 0…+2°C, күндіз +14…+16°C аралығында күтіледі. Мұнда желдің жылдамдығы 9-14 м/с болып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Оралда түнде -2…-4°C, күндіз +13…+15°C болады.

Өскемен мен Семейде түнде ауа температурасы -5…-7°C-қа дейін төмендейді. Күндіз екі қалада да +5…+7°C шамасында болады. Павлодарда түнгі температура 0…+2°C, күндіз +7…+9°C аралығында күтіледі. Петропавлда түнде -2…-4°C, күндіз +8…+10°C болады. Павлодар мен Петропавлда желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа жетеді.

Талдықорғанда түнде -6…-8°C-қа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы +13…+15°C-қа дейін көтеріледі. Таразда түнде -3…-5°C, күндіз +10…+12°C күтіледі. Жел 9-14 м/с соғады. Түркістанда түнгі температура -1…-3°C, күндіз +16…+18°C болады. Қалада желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа жетеді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2