Мәзір
9 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

«Ажырасқан әйелдердің қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін, қатты есейдім»: Жанқош Тұраровтың келіншегі көпшілікті ойландырып қойды

Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Исаева желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Ажырасқан әйелдердің қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін, қатты есейдім": Жанқош Тұраровтың келіншегі көпшілікті ойландырып қойды "Ажырасқан әйелдердің қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін, қатты есейдім": Жанқош Тұраровтың келіншегі көпшілікті ойландырып қойды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Ол әйелдің өзі табыс табуы қаншалықты маңызды екенін сөз етті.

"Тұрмыс құрғанға дейін әкемнің табысына өмір сүрдім. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымның табысын ойланбай шашып, өмір сүрдім. Менің ойыма осы күнге дейін өз табысың болуы керек деген ой кірмепті. Жұмыс немесе тіршіліксіз отырған емеспін. Бірақ оны тек хобби деп қана қарадым. Әйел адамның өз табысының болуы маңызды дүниелер қатарында екенін түсіндім. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Тірлік жасаймын деген адамдарға қаншалықты қолдау білдіру керегін ұқтым. Ажырасқан әйелдерді қалай тау қопаратынын көріп, түсінгендеймін. Мен сіздерден қолдау күтемін”, – деп жазды боксшының әйелі

Апта талқысында: