Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

"Ештеңе білмегендей үнсіз жүрмін": әйелі абысыны мен күйеуіне қатысты сұмдықты жайып салды

"Ештеңе білмегендей үнсіз жүрмін": әйелі абысыны мен күйеуіне қатысты сұмдықты жайып салды "Ештеңе білмегендей үнсіз жүрмін": әйелі абысыны мен күйеуіне қатысты сұмдықты жайып салды
ашық дереккөз

Тұрмыс құрғанына 15 жылға жуықтаған әйел қайын жұртымен бірге тұрып, үлкен әулеттің бар тірлігін атқарып келеді. Бес баланың анасы болған ол соңғы уақытта отбасындағы жағдайға алаңдай бастаған. Себебі қайын ағасы мен абысыны бала сүйе алмағандықтан, енді күйеуінің ұрығын пайдаланып, ЭКО жасатуды жоспарлап жүрген көрінеді. Бұл жағдай келіннің көңіліне күдік ұялатып, отбасындағы қарым-қатынасына әсер еткен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әйелдің айтуынша, ол тұрмысқа шыққанда күйеуінің ағасы мен оның әйелі ата-енесімен бірге тұрған. Алғашқы абысынымен қарым-қатынасы өте жақсы болған. Ол жас келінге үй шаруасын үйретіп, әпкесіндей қамқорлық танытқан. Алайда төрт жылдай уақыт өтсе де, ерлі-зайыптының баласы болмаған соң, екеуі ажырасып кеткен.

Кейін қайын ағасы басқа әйелмен танысып, қайта үйленген. Ата-енесі жас жұбайларға қалаға бөлек шығуға көмектескенімен, пәтерақының қымбаттығын сылтауратып, олар үш жылға жуық уақыт бұрын қайтадан үлкен үйге көшіп келген.

Осы аралықта келін төрт баланың анасы атанып, жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелген. Үлкен үйдің тіршілігі мен бала тәрбиесінен қолы босамай, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуді де ойламаған.

Алайда отбасындағы жағдай қайын ағасы екінші рет үйленгеннен кейін күрделене түскен. Келіннің сөзінше, қайын ағасы мен абысыны дәрігерлерге қаралып, тексерілген. Нәтижесінде, дәрігерлер ер адамның бала сүюіне кедергі бар екенін айтқан. Осыдан кейін абысыны ЭКО жасатуға шешім қабылдапты. Ата-енесі зейнетақысын жинап, малдарын сатып, емделуге қажетті қаражатты да тауып берген.

Бірақ дәрігерлер қайын ағасының ұрығы ЭКО жасауға жарамайтынын айтқан көрінеді.

«Осыдан бірер апта бұрын енем мен абысынымның әңгімесін естіп қалдым. "Беріктің ұрығын салдырайық, ол да Сәкеннің туған бауыры ғой" деп сөйлесіп отыр екен. Берік дегені – менің күйеуім. Әзірге бұл ойларын күйеуіме айтпаған сияқты. Мен де ештеңе білмегендей үнсіз жүрмін», – дейді келін.

Осы әңгімеден кейін әйел абысынының күйеуіне деген қарым-қатынасынан да күдіктене бастаған. Бұрын қалаға бірге барғанда көліктің артқы орындығына отыратын абысыны қазір алдыңғы орынға жайғасатын болған. Екеуі таңертең бірге жұмысқа кетіп, кешке бірге қайтады.

Келіннің айтуынша, абысыны күйеуімен жиі сөйлесіп, әзілдесіп жүреді. Мұның бәрі оның көңілінде қызғаныш пен қорқыныш тудырған.

Әйелді алаңдататын тағы бір мәселе – ертең қайын ағасы мен абысынының арасы бұзылса, ЭКО арқылы дүниеге келген баланың жауапкершілігі күйеуіне жүктелуі мүмкін деген ой.

«Ертең қайынағам екеуі ажырасып кетсе, абысыным баласын құшақтап келіп, "Бұл сенің балаң, қалайда бағасың" деп міндеттемесіне кім кепіл? Қайын ағамның тұрақты жұмысы да жоқ, жауапкершілігі де аз. Әйелінен көңілі қалса, тағы да ажырасып кетуі мүмкін», – дейді ол.

Келіннің сөзінше, күйеуі ата-анасының айтқанынан шыға алмайды. Сондықтан бұл мәселені ашық көтеруге де жүрексінеді. Ата-енесіне айтса, олар ұлына қысым жасап, ерлі-зайыптының арасындағы жағдайды одан әрі ушықтырып жібере ме деп қорқады.

«Күйеуім ата-анасының сөзінен аса алмайды. Мен қарсы болсам да, өз дегенін істейді. Не істерімді білмеймін. Бес балам бар, отбасымды сақтағым келеді. Бірақ абысыным мен күйеуімнің арасында бірдеңе болып кете ме деп қорқамын», – деп жан сырын ақтарды әйел.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2