Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Алматы тұрғыны 29 қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр

Алматы тұрғыны 29 қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр Алматы тұрғыны 29 қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр
Фото:depositphotos.com

Тараз қаласының тұрғыны трейдинг арқылы табыс табуға уәде берген адамға сеніп, 1,9 миллион теңгесінен айырылды. Ол жоғары пайдаға кенелемін деп банктен несие рәсімдеп, ақшаны өзін инвестормын деп таныстырған адамға аударған. Алаяқтыққа күдікті 24 жастағы алматылық әйел ұсталды. Қазір оның 29 қылмыстық іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды buginmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Тараздың 28 жастағы тұрғынына трейдингке инвестиция салу арқылы 50 пайыз пайда табуға болатыны айтылған. Тиімді ұсынысқа сенген әйел банктен несие алып, 1,9 миллион теңгені аударған. Алайда уәде етілген табыс түспеген. Керісінше, салған ақшасын қайтаруда қиындыққа тап болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ұсыныстың артында Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны тұрған. Оны Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтық деректері бойынша тергеліп жатқан 29 қылмыстық іс аясында ұстаған.

Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас оқиғаларға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция азаматтарды тез әрі оңай табыс табуға уәде беретін ұсыныстарға сенбеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және күмәнді инвестициялық жобалар үшін несие рәсімдемеуге шақырды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2