Мәзір
4 желтоқсан, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

20 градус аяз, бұрқасын, көктайғақ: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 5-7 желтоқсанға ауа райы боламын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

20 градус аяз, бұрқасын, көктайғақ: алдағы үш күнге ауа райы болжамы 20 градус аяз, бұрқасын, көктайғақ: алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтап, тұрақсыз ауа райын әкеледі: бұрқасынмен қар, оңтүстік өңірлерде - жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде еліміздің батысында 7-12 аязға дейін, солтүстік-батыста 13-18 аязға дейін, еліміздің солтүстігінде, орталығында 15-20 аязға дейін, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 3-8 аязға дейн, таулы аудандарда 10-16 аязға дейн төмендейді.

Апта талқысында: