Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев қайта шаңырақ көтергенін мәлімдеді. Актер әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісіп, екінші рет некеге отырғанын айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
«Бүгін сіздермен екінші жаңалығыммен бөліссем деп отырмын. Әрине, жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бүгін мен, бүгін біз некеге отырдық. Ал, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Дархан Мұсаев.
Желі қолданушылары актерді қуанышты жаңалығымен құттықтап, жаңа отбасына бақыт пен береке тіледі.
Бұған дейін актриса Дариға Бадықова Олжас Абайға тұрмысқа шыққанын жазған едік.