Мәзір

Павлодарда Путинді Қазақстанға әскер кіргізуге шақырған әйел ұсталды

Павлодарда Путинді Қазақстанға әскер кіргізуге шақырған әйел ұсталды Павлодарда Путинді Қазақстанға әскер кіргізуге шақырған әйел ұсталды
Фото: видеодан алынды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысында сепаратистік сипаттағы видеоға байланысты әйелдің ұсталғанын хабарлады. Оперативтік іс-шаралар прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әйелдің қазақ халқына тіл тигізіп, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты пікір айтқан видеосы тараған болатын.

ҰҚК мәліметінше, әйелді ұстау шарасы 2026 жылғы 28 қазанда прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Комитеттің хабарлауынша, күдікті бұған дейін есірткі заттарын сату ісі бойынша сотталған.

Ведомство тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жарияламады. Бұл ретте күдіктінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденгенге дейін ол кінәсіз деп есептеледі.

Бұған дейін Екібастұз тұрғыны Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұрағанын жазған едік.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2