Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр, қар түрінде жауады. Еліміздің солтүстігінде, күндіз шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым аймағының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшейуі, солтүстік бөлігінде бұрқасын күтіледі.