Мәзір
20 қараша, 2024 / BuginMedia / Экономика

Банк құпиясы: қазақстандықтарды мемлекеттік органдар тексереді

Қаржы министрі Мәди Тәкиев қазақстандықтарды декларация тапсырудан босатуға қарамастан, банк құпиясы операциясымен мемлекеттік органдар тексеретінін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Банк құпиясы: қазақстандықтарды мемлекеттік органдар тексереді Банк құпиясы: қазақстандықтарды мемлекеттік органдар тексереді
Фото: istockphoto.com

Министрдің айтуынша, Қазақстанда банк құпиясы салық тексерісі аясында қаражат айналымын тексеру үшін жүргізілетін операция екенін айтты.

"Бізде база бар. Сатып алу-сату мәмілесі. Біз мүлік сатып алынғанын көреміз. Біз осы адамға сұраным жіберіп, банк шоттарының қозғалысы туралы ақпарат ала аламыз", – деді ол.

Мәди Тәкиев бірінші кезекте мұндай тексеріске көлік немесе үй сатып алған адам түсетінін атап айтты. 

Апта талқысында: