Мәзір
18 қараша, 2024 / BuginMedia / Жаңалықтар

Тұман, жел, көктайғақ: 18 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тұман, жел, көктайғақ: 18 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды Тұман, жел, көктайғақ: 18 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон жотасы әсер етеді, тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Республика бойынша тұман, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жел күшейеді, Қызылорда облысында көктайғақ болады деп күтілуде.

Апта талқысында: