Мәзір
12 қараша, 2024 / BuginMedia / Әлеумет

Бишімбаев колониядан ұялы телефон арқылы сотқа қатысты

Бүгін Астана сотының апелляциялық инстанциясы бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы арызын қанағаттандырмады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бишімбаев колониядан ұялы телефон арқылы сотқа қатысты Бишімбаев колониядан ұялы телефон арқылы сотқа қатысты
Фото: istockphoto.com

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың Tengrinews.kz тілшісіне айтуынша, бүгінгі сот отырысына оның қорғаушысы онлайн режимде қатысқан.

Назым Қаһарман әкелерінің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты балалар психологиялық жайсыздықты сезінгенін айтып, Қуандық Бишімбаевты әкелік құқығынан айыруды сұраған.

"Оларда мекемеде сот процестеріне қатысатын арнайы бөлме бар. Ол сол бөлмеге барып, ұялы телефон арқылы қосылды", - деді Ғазымжанов.

Сот отырысына қатысушылар келтірген деректерге сәйкес, апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Қуандық Бишімбаев ата-ана құқығынан айырылған жоқ.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Каһарман Tengrinews.kz тілшісіне бұл шешіммен келіспейтінін, "ренжігенін және көңілі қалғанын" айтты.

"Ренжідім және көңілім қалды. Сот пен прокуратура Бишімбаевтың мүддесін қорғайды деген сезім қалды. Мен келіспеймін (шешіммен - еск.). Ойланамыз, әрі қарай күресеміз", - деді Назым Каһарман.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов өз кезегінде сотталған экс-министр бұрынғы әйелінің талабымен келіспейтінін мәлімдеді.

"Оның ұстанымы: ол (Бишімбаев-еск.) бұрынғы әйелі Назым Каһарманның талабымен келіспейді. Ол ата-ана құқығынан айыру мүлдем заңсыз және негізсіз деп санайды. Сот бұл талап  мәлімделген негіздер бойынша қанағаттандырылмайды деген дұрыс тұжырым жасады", - деп түсіндірді Газымжанов.

Апта талқысында: