Мәзір
Бүгін, 09:31 / BuginMedia / Жаңалықтар

Гүлмира Сатыбалдыға тағы бір үкім шықты: одан 8 млрд теңгеден астам қаржы өндіріледі

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды төртінші қылмыстық іс бойынша да кінәлі деп танылды. Сот жаңа жаза мерзімін тағайындаған жоқ. Осыған дейін белгіленген 12 жылдық бас бостандығынан айыру жазасы сол күйінде қалды. Алайда сот Гүлмира Сатыбалдыдан 8 млрд теңгеден астам қаржы өндіріп алуға шешім шығарды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Гүлмира Сатыбалдыға тағы бір үкім шықты: одан 8 млрд теңгеден астам қаржы өндіріледі Гүлмира Сатыбалдыға тағы бір үкім шықты: одан 8 млрд теңгеден астам қаржы өндіріледі
Фото: Khabar

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, бұл жолы Гүлмира Сатыбалдыға мүлікке қатысты алдау арқылы залал келтірді және өз бетінше әрекет етті деген айыптар тағылған.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде оның әпкесінің бұрынғы күйеуі әрі экс-бизнес серіктесі Абай Жүнісов танылған. Сатыбалды мен Жүнісов бұған дейін бірге кәсіп жүргізіп, Алматыдағы «Восточка» тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысқан.

Кейін Жүнісов компаниялардағы үлесін Гүлмира Сатыбалдымен байланысты тұлғаларға берген және бірқатар құжатқа қол қойған. Айыптау тарабының мәліметінше, ол мұндай әрекеттерге қысым салдарынан барған.

Михаил Козачковтың жазуынша, Жүнісов бірнеше ай бойы Гүлмира Сатыбалдының үйінің жертөлесінде заңсыз ұсталған. Тұрғын үйлер сатылғаннан кейін оның «ВТБ Банк» алдындағы 8 млрд теңгеден асатын қарызы өтелмей қалған.

Сот шешімі

Гүлмира Сатыбалды тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Ол өзіне нақты қандай әрекеттер бойынша айып тағылғанын түсінбейтінін айтып, Жүнісовтің банк алдындағы миллиардтаған қарызына өзін жауапты деп санамайтынын мәлімдеді.

Алайда сот оны кінәлі деп таныды. Бұл ретте бұрын тағайындалған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасына қосымша мерзім қосылған жоқ.

Сонымен бірге сот Гүлмира Сатыбалдыдан 8 млрд теңгеден астам қаражат өндіріп алуды міндеттеді.

Бұл – Гүлмира Сатыбалдыға қатысты төртінші қылмыстық іс

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты алғашқы екі үкім 2023 жылы шыққан. Ол өз бетінше әрекет ету, адам ұрлау, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету баптары бойынша кінәлі деп танылған.

Бірнеше іс бойынша тағайындалған жазалар біріктіріліп, оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Ал 2024 жылы Сатыбалды тағы бір қылмыстық іс бойынша бопсалау және адамды заңсыз бас бостандығынан айыру айыптарымен сотталды. Осыдан кейін оның түпкілікті жаза мерзімі 12 жылға дейін ұлғайтылды.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Ерлі-зайыпты 2005 жылы ажырасқан.

Олардың үш баласы бар: Бауыржан есімді ұлы және Аружан мен Дария есімді екі қызы.

Ашық деректерде Гүлмира Сатыбалдының мамандығы мұғалім екені көрсетілген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2