Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін бірнеше сағаттан соң үйлерінен өлі табылды

Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін бірнеше сағаттан соң үйлерінен өлі табылды Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін бірнеше сағаттан соң үйлерінен өлі табылды
ашық дереккөз

АҚШ-тың Индиана штатында үйлену тойынан кейін бірнеше сағат өткен соң жас жұбайлар қайтыс болды. Күйеу жігіт алдымен әйелін атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға 2014 жылғы 5 қазанда Терре-Хот қаласының маңында болған. 54 жастағы дәрігер Джордж Скотт Сэмсон мен 50 жастағы медбике Келли Эккер Сэмсон сенбі күні шаңырақ көтерген. Үйлену тойынан кейін олар мейрамханада мерекелік кеш өткізіп, кейін жақындарын үйлеріне шақырған.

Алайда, қонақтар жас жұбайлардың арасында түсініспеушілік болғанын байқаған. Кейбір куәгерлердің айтуынша, той кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт бір-бірімен сөйлеспеген. Кеш соңында Джордж әйелін күтпестен үйіне кетіп қалған.

Қонақтардың барлығы тарқап кеткеннен кейін ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындаған. Түнгі сағат 1:20 шамасында Келли полицияға көмек сұрап, бірнеше рет қоңырау шалған.

Ол диспетчерге күйеуінің өзіне күш көрсетіп жатқанын және үйде қару бар екенін айтқан. Алайда әйел мекенжайын қате хабарлағандықтан, полиция қызметкерлері оқиға орнына бірден жете алмаған.

Көп ұзамай диспетчер телефон арқылы айқай мен бірнеше рет атылған оқтың дауысын естіген.

Полиция үйге жеткенде Келлидің денесін жатын бөлмеден тапқан. Ол бірнеше жерінен оқ жарақатын алған. Ал күйеуінің мәйіті жертөледен табылған. Тергеу мәліметінше, Джордж әйелін атып өлтіргеннен кейін өзіне қол жұмсаған.

Оқиға кезінде үйде Келлидің 10 жастағы ұлы мен күйеуінің ата-анасы да болған. Олар аман қалған.

Құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаға не себеп болғанын нақты анықтай алмаған. Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдың неден шыққаны жұмбақ күйінде қалған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2