Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Күйеу жігіт той үстінде қалыңдығын атып өлтіріп, қонақтарға оқ жаудырған

Күйеу жігіт той үстінде қалыңдығын атып өлтіріп, қонақтарға оқ жаудырған Күйеу жігіт той үстінде қалыңдығын атып өлтіріп, қонақтарға оқ жаудырған
ашық дереккөз

Таиландта үйлену тойы қанды оқиғаға ұласты. Күйеу жігіт мереке кезінде қару алып келіп, қалыңдығын, оның анасы мен әпкесін және тағы екі адамды атып тастаған. Кейін өзі де көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Ванг Нам Кхио ауданында болған. 29 жастағы Чатуронг Суксук пен 44 жастағы Канчана Пачунтхуек үш жыл бірге тұрғаннан кейін шаңырақ көтерген. Той рәсімі сенбі күні таңертең өтіп, кешке қонақтар мерекені жалғастырған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, күйеу жігіт той үстінде қонақтардың арасынан кенет шығып, көлігіне барған. Біраз уақыттан кейін тапаншамен қайта оралып, айналасындағыларға оқ жаудырған. Оқ қалыңдыққа, оның анасы мен әпкесіне және қонақтарға тиген.

Полицияның мәліметінше, шабуыл салдарынан қалыңдық пен тағы төрт адам қаза тапқан. Одан кейін күйеу жігіт өзіне қол жұмсаған. Тағы бір адам жарақат алған.

Полиция күйеу жігіттің мас болғанын айтқанымен, қылмысқа нақты не себеп болғаны анықталмаған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2