Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Захарчук, Ташқынбаев, Бекбауов: «Халықтық құрылыс» бағдарламасын кімдер бақылайтыны белгілі болды

Захарчук, Ташқынбаев, Бекбауов: «Халықтық құрылыс» бағдарламасын кімдер бақылайтыны белгілі болды Захарчук, Ташқынбаев, Бекбауов: «Халықтық құрылыс» бағдарламасын кімдер бақылайтыны белгілі болды
ашық дереккөз

Қазақстанда «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар журналистер, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер енді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.

Комиссия қандай міндет атқарады?

Жаңа комиссия бағдарламаның жоспарлануынан бастап, құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне дейінгі барлық кезеңді бақыламақ.

Атап айтқанда, комиссия:

құрылыс жобаларының уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалайды;

бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылайды;

мемлекеттік сатып алулардың заңдылығы мен құнын тексереді;

тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды;

анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді.

Комиссия мониторинг нәтижелері бойынша Президентке тоқсан сайын және жыл сайын есеп беріп отырады. Оның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленген.

Комиссия құрамында кімдер бар?

Комиссияны Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы басқарады. Ал төрағаның орынбасары қызметіне Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі тағайындалған.

Комиссия құрамына журналистерден «Qazaqstan» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі Нұрбек Бекбауов, «24.kz» телеарнасының журналистері Вера Захарчук пен Риат Шони, сондай-ақ журналист, «Другие места» YouTube жобасының авторы Ренат Ташқынбаев кірді.

Бұдан бөлек, комиссия мүшелері қатарында:

Құрылтай депутаттары Қайрат Айтуғанов, Наталья Годунова, Шолпан Каринова, Ольга Перепечина;

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Бекмұрат Жүсіпов, Геннадий Зенченко, Вера Ким, Ләззат Қалтаева;

кәсіпкер, «Шин-Лайн» компаниялар тобының негізін қалаушы Андрей Шин;

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Ирина Манжанова бар.

Сондай-ақ комиссия жұмысына Қаржылық мониторинг агенттігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Осылайша, «Халықтық құрылыс» бағдарламасының іске асырылуын бақылауға мемлекеттік органдармен бірге журналистер мен қоғам өкілдері де тартылды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2