Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

«Әлі пәтер жалдап тұрамыз»: Олжас Абайдың экс-әйелі шындықты айтты

«Әлі пәтер жалдап тұрамыз»: Олжас Абайдың экс-әйелі шындықты айтты «Әлі пәтер жалдап тұрамыз»: Олжас Абайдың экс-әйелі шындықты айтты
коллаж: Sn.kz

Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман экс-күйеуінің балаларына жеке пәтер алып беру туралы уәдесі әлі орындалмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге балаларымен бірге бұрынғыдай сол пәтерде тұрып жатыр. Бұл туралы ол Qoslike бағдарламасында айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко Аймира Аманнан Олжас Абай балаларына жеке баспана алып берді ме деп сұрады.

Бұған жауап берген Аймира әзірге ешқандай өзгеріс болмағанын жеткізді. Сондай-ақ актердің уәдесінде тұратынын уақыт көрсететінін айтып, бұрынғы күйеуінен балалары үшін қолдау күтетінін жасырмады.

«Қазір де сол пәтерде тұрамыз. Әкесі оны қай уақытта алып беріп, қаншалықты сөзінде тұратынын уақыт көрсетер. Мен үшін емес, балалар үшін барын салып, көмектеседі деп ойлаймын. Күндердің күнінде», – деді Аймира Аман.

Айта кетейік, бұған дейін Олжас Абай Аман Тасығанға берген сұхбатында бірінші отбасымен арадағы мәселелердің реттелгенін және әкелік парызын өтеп жүргенін айтқан болатын.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2