Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман әлеуметтік желіде отбасылық өміріне қатысты пікір білдірді. Ол өзіне тағылған айыптарға жауап беріп, Қабатовпен заңды некеде болмаса да, шариғат бойынша некелескенін жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Айман Instagram парақшасында өзін біреудің көңілдесі немесе тоқалы деп атауға қарсылық білдірді. Оның сөзінше, екеуі қарым-қатынастарының басында мешітке барып, мұсылмандық жолмен некелескен.
Сонымен қатар ол әзілкештің екі отбасына да жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Айманның айтуынша, Тұрсынбек Қабатов сегіз баласының барлығын қамтамасыз етіп, олардың білім алуына және жақсы жағдайда өмір сүруіне жағдай жасап отыр.
Ол желі қолданушыларын екі әйелдің арасына от салмауға шақырып, әзілкештің бірінші отбасын құрметтейтінін де жасырмады.
«Екі жақты араздастыруды қойыңыздар. Әйелді әйелге жау етпей. Адамның жаманы жоқ. Мен үлкен үйдің әрбір жанын бір адамша сыйлаймын, құрметтеймін», – деп жазды Айман.
Сондай-ақ ол Тұрсынбек Қабатовтың алдағы уақытта тағы да үйленуіне қарсы емес екенін білдірді. Айман тіпті әзілкештің болашақта тағы бірнеше әйел алуы мүмкін екенін айтып, мұны әр адамның өз өмірі мен таңдауы ретінде қабылдайтынын аңғартты.
«Менен кейін 10 қатын алса да, Алла қаласа алады. Маған десе, әр өңірде бір ұрпағы қалсын. Кім біледі, солардың ішінен бір ел басқаратын, Абайдай ұлы тұлғалар шықпасына кім кепіл? Бұл – біреудің тарихы», – деді ол.