Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

"Бір қолтаңба бәрін өзгертті": бала күнгі досына сенген ер адам сұмдыққа тап болды

"Бір қолтаңба бәрін өзгертті": бала күнгі досына сенген ер адам сұмдыққа тап болды "Бір қолтаңба бәрін өзгертті": бала күнгі досына сенген ер адам сұмдыққа тап болды
ашық дереккөз

Бала күнінен бірге өскен досына сеніп, қасына жұмысқа алған кәсіпкер ақыры өзі құрған компаниясынан айырылып қалған. Оның айтуынша, досы мен хатшысы сенімін пайдаланып, компанияның құжаттарын өз аттарына рәсімдеген. Бұл туралы Аббас Шах әлеуметтік желідегі жазбасында баяндады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Арман есімді кәсіпкер Мұратпен бір ауылда өсіп, мектепте бір партада отырған. Екеуі де мектеп бітірген соң қалаға оқуға аттанған. Алайда Арман университетке түсіп, ал досы оқуға қабылданбай, ауылына қайтуға мәжбүр болған.

Арман жоғары оқу орнын тәмамдап, бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін жеке кәсібін ашқан. Бастапқыда үш қызметкері болған шағын фирма уақыт өте келе ірі компанияға айналған.

Арада жылдар өткенде ол ауылда Мұратты кездестіреді. Досының тұрақты жұмысы жоқ екенін білген кәсіпкер оны қалаға шақырып, өз компаниясына жұмысқа алады.

«Біз бір үзім нанды бөліп жеген адамдар емеспіз бе? Енді барымызды неге бөліспеске?» деп досын қасына алғанын жазады автор.

Арман Мұратқа жақсы жалақы тағайындап, жұмыстың қыр-сырын үйреткен. Тіпті маңызды кездесулерге қатыстырып, кейбір құжаттарға қол қоюға да сенім білдірген. Кейін досы мен компания хатшысы Әселдің жақын араласып жүргенін байқап, олардың қарым-қатынасына қарсы болмаған.

Алайда уақыт өте Мұраттың мінезі өзгеріп, кейбір шешімдерін досынан жасыра бастаған. Ал хатшысы құжаттарды асығыс қол қоюға ұсынып жүрген.

Бір күні кеңсеге келген Арманды күзетші ішке кіргізбеген. Себебін сұрағанда, компанияның құжат бойынша Мұраттың атына рәсімделгенін айтқан.

Кәсіпкер досымен сөйлесуге барған кезде Мұрат компанияның енді өзіне тиесілі екенін мәлімдеген.

«Ал мен ше?! Менің жиырма жылдық еңбегім ше?!» деген сұрағына досы жауап бермеген.

Кейін Арман Мұрат пен Әселдің алдын ала сөз байласып, оның сенімін пайдаланғанын білген. Автордың жазуынша, құжаттарды қолдан жасау арқылы компанияның меншік құқығы заңсыз өзгертілген.

Осыдан кейін кәсіпкер сотқа жүгініп, ұзақ уақыт бойы өз құқығын қорғауға мәжбүр болған. Арыз жазып, дәлел жинап, заңгер жалдаған. Бұл процесс оның қаржылық жағдайына да, денсаулығына да кері әсер еткен.

Оқиға одан әрі Мұраттың мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген күдікпен ұсталуымен өрбіген. Арманның айтуынша, осыдан кейін компанияның қаржылық құжаттары қайта тексеріліп, бұрын анықталмаған дәлелдер табылған. Сараптама құжаттардың қолдан жасалғанын растаған.

Автордың жазуынша, сот шешімімен компанияның заңсыз рәсімделгені танылып, Арманның меншік құқығы қалпына келтірілген. Әсел бес жылға бас бостандығынан айырылған. Ал Мұратқа қатысты мемлекет қаржысына байланысты қылмыстық іс бөлек қаралған.

Осылайша кәсіпкер өзі құрған компаниясына қайта оралғанымен, бала күнгі досына деген сенімін жоғалтқанын айтады.

«Мен компаниямды қайтарып алдым. Ал Мұрат не ұтты? Мен жылдарымды жоғалттым. Ол абыройын жоғалтты. Мен досымнан айырылдым. Ол өзіне сенген жалғыз досынан айырылды. Екеуміз де ұтылдық», – деп жазған ол.

Арманның айтуынша, ол досының түрмеге түскенін емес, өзімен бірге жетістікке жеткенін қалаған. Алайда Мұрат оның көмегін бағаламай, сенімін әлсіздік деп қабылдаған.

Кәсіпкер бұл оқиғадан кейін достық пен бизнестің арасындағы шекараны ажырату керегін түсінгенін жеткізген. Оның сөзінше, адамға жақсылық жасау қателік емес, бірақ сенімді жауапкершілік пен бақылаусыз тапсыруға болмайды.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2