Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Астаналық жігіт қызды өлтіріп, ақшасын досына аударған соң ары қарай қыдырған

Астаналық жігіт қызды өлтіріп, ақшасын досына аударған соң ары қарай қыдырған Астаналық жігіт қызды өлтіріп, ақшасын досына аударған соң ары қарай қыдырған
әлеуметтік желіден

Астанада 21 жастағы Алина Ярышкинаны өлтірген Владислав Андрюшкинге сот үкімі шықты. Ол қыздың ақшасын да ұрлаған. Сотталушы кінәсін ішінара мойындағанымен, судья оны қасақана кісі өлтірді деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

 Алина мен Владислав 2026 жылдың қаңтарында интернет арқылы танысқан. Қыз қаржы жинап, Таиландқа саяхаттауды жоспарлаған. Алайда, ақпан айының басында екеуі қайта кездескеннен кейін қайғылы жағдай болған.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, 4 ақпанда Алина мен Владислав бірге қыдырып, сыра ішкен. Кейін қыз уақытша тұрып жатқан пәтерге барған. Сол жерде жігіт оны тұншықтырып өлтірген. Одан кейін Алинаның банк шотындағы ақшаны түгелдей досының есепшотына аударып, өзі көңіл көтеруге кеткен.

Келесі күні ол досынан ақшаны шешіп алуды сұраған. Кейін Таразға бармақ болғанымен, жолда полиция оны ұстаған.

Алинаның әпкесі Александра сіңлісінен хабар ала алмаған соң алаңдап, досымен бірге оның үйіне барған. Сол жерден қыздың мәйітін тапқан.

Сотта Владислав ақшаны ұрлағанын мойындаған. Бірақ кісі өлтіру айыбын абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет деп өзгертуді сұраған. Алайда судья Саят Тәшімбаев оның әрекетін қасақана кісі өлтіру деп бағалап, 10 жылға соттады. Үкім заңды күшіне енді.

Алинаның әпкесі сот шешіміне көңілі толмайтынын айтты.

«Бір күні ол түрмеден шығып, туған-туыстарымен бірге өмірін жалғастырады. Ал менің әпкем мәңгілікке суық топырақтың астында қалады», – деді Александра.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2