Мәзір

"Досым, шыдашы, құрттай ғана қалды": Каспийдегі апаттан аман қалған сарбаздың анасы жұмбақ жайтты айтты

"Досым, шыдашы, құрттай ғана қалды": Каспийдегі апаттан аман қалған сарбаздың анасы жұмбақ жайтты айтты "Досым, шыдашы, құрттай ғана қалды": Каспийдегі апаттан аман қалған сарбаздың анасы жұмбақ жайтты айтты
әлеуметтік желіден

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Ақжол Темірханның анасы Самал Кеуелова әлеуметтік желіде жазба жариялап, ұлының басынан өткен ауыр сәттер туралы айтып берді. Ол апат кезінде ұлына күш берген белгісіз дауысқа қатысты тосын жайтты да бөлісті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Самал Кеулованың айтуынша, ұлы ауруханада жатқанда одан сол түні не болғанын сұраған. Ақжол ең қиын сәтте Бекет есімді әскери досының дауысы жігер бергенін айтқан.

«Ақжолдың айтуынша, ең қиын сәтте оған Бекет көмектесіп, жігер берген. «Ақжол, досым, шыдашы, құрттай ғана қалды!» деп айқайлаған дауысы оған күш берген екен», – деп жазды анасы.

Ұлының аман қалғанына шүкіршілік еткен ана оған қолдау көрсеткен Бекетке алғыс айтуды ойлаған. Алайда кейін Бекет пен Никитаның да ауруханаға түскенін естіп, балалардың бір-бірімен кездесіп, әңгімелесуі үшін дастарқан әзірлеген.

Кейін Самал Кеулованың назарын бір жайт аударған. Ақжол мен Бекет күнделікті қарым-қатынаста бір-біріне «досым» деп сөйлемейтін болып шыққан. Анасы бұл сөздің мән-жайын сұрағанда, ұлы Бекеттің апат кезінде өзін көрмегенін айтқан.

Соған қарамастан Ақжол сол қиын сәтте құлағына анық естілген дауысты ұмытпаған.

«Құлағында қалған сөз – «Ақжол, досым, шыдашы!». Осыны естіген сәтте ойыма бірден Азамат түсті… Өйткені Азамат Ақжолға үнемі «досым» деп сөйлейтін еді ғой», – деп жазды Самал Кеуелова.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2