Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы туған. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1990-2017 жылдары құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда қызмет етті. Осы кезеңде прокуратура, Мемлекеттік тергеу комитеті және ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істеді.
2017 жылы Нұрдәулетов Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.
2019 жылғы наурыздан 2022 жылғы қаңтарға дейін Қазақстанның бас прокуроры болды. Кейін Президент әкімшілігіне ауысып, 2022-2023 жылдары президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы 1 қыркүйекте президент жарлығымен Нұрдәулетов қайтадан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді.
Нұрдәулетовтің мемлекеттік әділет кеңесшісі, 1-сыныпты шені бар. Бұл шенді ол 2022 жылы алған.