Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Мәзір

Қазақстанда сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақыны арттыру жоспарланып отыр

Қазақстанда сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақыны арттыру жоспарланып отыр Қазақстанда сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақыны арттыру жоспарланып отыр
Фото: gov.kz

Қазақстанда сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақыны арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайдағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Министрдің айтуынша, биыл педагог-психологтарға қосымша ақы төлеу енгізілген. Қазір олардың ай сайынғы үстемақысы шамамен 60 мың теңгені құрайды.

Келесі кезеңде министрлік арнайы педагогтердің еңбекақысына қосымша төлем енгізуді жоспарлап отыр. Ал одан кейін сынып жетекшілерін қолдау мәселесі қаралады.

«Қазір біз үлкен талдау жүргізіп жатырмыз. Өйткені мұғалімдерге қосымша ақы ретінде нақты бір соманы бірден белгілей алмаймыз. Алдымен сынып сағаттарына қанша уақыт жұмсалатынын есептеуіміз керек. Мүмкін, бұл “Жеке қауіпсіздік” пәні сияқты жеке пән ретінде енгізілер. Немесе басқа тәсіл қарастырылуы мүмкін», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің сөзінше, арнайы педагогтерге қосымша ақы төлеуді 2029 жылы енгізу жоспарланған. Осыдан кейін ведомство сынып жетекшілеріне қолдау көрсету мәселесіне көшеді.

«Қазір нақты мерзім айта алмаймын. Бұл мәселенің шешілуі республикалық бюджеттің мүмкіндігіне байланысты. Дегенмен Оқу-ағарту министрлігі бұл бағытта жұмыс істеп жатыр және мәселенің шешімін міндетті түрде іздейміз. Бұл – көп жылдан бері келе жатқан жүйелі проблема», – деді министр.

Айта кетейік, сынып жетекшілерінің қосымша жұмысына төленетін ақының аздығы бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Мұғалімдер оқушылардың сабаққа қатысуын, үлгерімі мен тәртібін бақылап қана қоймай, ата-аналармен байланыс орнатып, сынып сағаттарын, жиналыстар мен түрлі іс-шараларды ұйымдастырады.

Дегенмен, қосымша ақыны арттырудың нақты мөлшері мен мерзімі әзірге белгісіз.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2