Мәзір

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 150 теңге болады

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 150 теңге болады Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 150 теңге болады
ашық дереккөз

Астанада қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы төлем тәсілі мен маршрут түріне байланысты белгіленді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Құжатқа сәйкес, электронды төлем жасаған жолаушылар қала ішіндегі қарапайым автобустарда 150 теңге, ал экспресс-маршруттарда 300 теңге төлейді.

Қолма-қол ақшамен есеп айырысқанда жол жүру ақысы қымбатырақ болады. Қарапайым маршруттарда тариф 300 теңге, экспресс-автобустарда 400 теңге болып белгіленген.

Қала маңына қатынайтын автобустарда жол ақысы әр шақырымға есептеледі. Электронды төлем кезінде бір шақырымның құны 13 теңге болса, қолма-қол төлемде 19 теңге болады.

Қаулыда электронды төлем жүйесі істен шыққан жағдайда жолаушылардың қоғамдық көлікте тегін жүретіні де жазылған.

Жаңа құжат күшіне енгеннен кейін 2024 жылғы 16 шілдедегі №503-2348 қаулының күші жойылады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2