Қызылордада 29 қазанда үйінен шығып кетіп, содан бері із-түзсіз жоғалған 65 жастағы Ғани Көшербаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Қызылордада бірнеше күн бұрын жоғалған 65 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Ер адамды іздеуге полиция қызметкерлері мен басқа да тиісті күштер жұмылдырылып, ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізілген. Алайда іздеу шаралары қайғылы аяқталды. Оның денесі Қызылорда қаласының аумағынан табылған.
Бұған дейін тараған ақпаратта Ғани Көшербаевтың деменция диагнозымен есепте тұрғаны айтылған.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Жауапты ведомство өкілдері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.