Мәзір

Жол ережелерін бұзған видеоларымен танылған блогерге іздеу жарияланды

Жол ережелерін бұзған видеоларымен танылған блогерге іздеу жарияланды Жол ережелерін бұзған видеоларымен танылған блогерге іздеу жарияланды
ашық дереккөз

Алматыда 28 жастағы блогер Назар Ролланд іздеуге жарияланды. Ол бұған дейін жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері бойынша құқық қорғау органдарының назарына іліккен, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында блогерге қатысты іздестіру ісі тіркелгені көрсетілген. Мәліметке сәйкес, іс 2026 жылғы 14 қазанда басталған.

Іздестіруді Қазақстан Ішкі істер министрлігі бастаған. Ал іздеу шараларын Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Блогердің нақты қандай себеппен іздеуге жарияланғаны әзірге белгісіз.

Назар Роллан әлеуметтік желілерде арандатушылық сипаттағы видеоларымен, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзған сәттері түсірілген бейнежазбаларымен танылған. Осы оқиғадан кейін блогерге қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2