Ақтау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрғындарды алаңдатқан оқиға болды. Бейнебақылау камерасына қолына пышақ ұстаған белгісіз ер адамның кіреберісті аралап, пәтерлердің есігін қағып жүрген сәті түсіп қалған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Бейнежазба әлеуметтік желіде таралып, қала тұрғындарының арасында алаңдаушылық туғызды.
Кадрлардан ер адамның қолындағы суық қарумен қабаттарды аралап, пәтер есіктеріне жақындағанын көруге болады. Алайда оның бұл әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.
Оқиғаға қатысты полицияның ресми түсініктемесі әзірге жарияланған жоқ.