Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы базарлардың бірінде түсірілген видео тарады. Кадрларда парфюмерия сататын әйелдер TikTok желісінде тікелей эфирге шығып, көпшіліктің наразылығын тудырған мәлімдемелер жасаған, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Видеода әйелдер өздерін «террористерміз» деп атап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен таныс екенін және олармен жақсы қарым-қатынаста екенін айтқан.
Олардың бұл сөздері әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Желі қолданушылары әйелдердің мәлімдемесіне құқықтық баға беріліп, оқиғаның мән-жайы тексерілуін талап етіп жатыр.
Әзірге құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.