Әнші Айдана Меденова күйеуімен қарым-қатынасына қатысты тараған қауесеттерге жауап берді. Ол бұл туралы «Мамский әңгіме» подкастында айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Әншінің айтуынша, соңғы уақытта айналасындағы кейбір адамдардан көңілі қалған. Қиындықтар кезінде жанынан табылған жалғыз адам – күйеуі болған.
«Адамдар айта береді. Ең бастысы – үйдегі атмосфера. Ондай нәрсе болған емес, болмайды да. Айналамызда көп нәрсе болды. Кейбір адамдармен мүлде араласпаймыз. Менің жанымда үнемі болған тек күйеуім. Біз бір-бірімізден шаршамаймыз. Құдай сақтасын ажырасудан. Адамдар басқаша айтып жүр. Біз оған үйренгенбіз. Бірақ ол ақпараттың рас-өтірігін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Егер бірдеңе болса, мен өзім парақшамда жазамын», – деді Айдана Меденова.