Мәзір

«Басқа әйел көңілін аулады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуімен неге ажырасқанын айтты

«Басқа әйел көңілін аулады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуімен неге ажырасқанын айтты «Басқа әйел көңілін аулады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуімен неге ажырасқанын айтты
ашық дереккөз

Тележүргізуші Дана Нұржігіт марқұм бұрынғы жұбайы Владимир Рерихпен ажырасуына не себеп болғанын айтып, отбасылық өміріндегі қиын кезеңдерді еске алды. Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тележүргізушінің айтуынша, олардың екі жаққа кетуіне екі тараптың да кінәсі болған. Ол жұбайымен бірге он жыл бойы балалы болуды армандаған. Алайда кейін отбасында қиындықтар туындаған.

Дана Нұржігіттің сөзінше, өзі баламен жүрген кезде жұбайы басқа әйелге көңіл аударған. Сонымен қатар, күйеуін өзі басқарып отырған «Хабар» арнасындағы жұмысынан шығарып жіберген.

«Біздің екі жаққа кеткенімізге екі жақтан да кінә болған шығар деп ойлаймын. Мен Әлімді 10 жыл күттім. Он жыл бойы біз бала аңсадық. Сосын аяқ астынан өзі басқарған «Хабардан» жұмыстан шығарып жіберді. Өзі көтерген адам. Басқа адам көңілін аулады. Мен баламен жүрген кезде. Мен оны білмегенмін. Менің түсінігімде, көзге шөп салу деген – біреумен жатып келу емес, жаның бір болмауында, мүддең мен мақсатыңның ортақ болмауында. Ең басты сатқындық – осы. Жалпы, бала үшін отбасын сақтап қалу деген – қиял. Мен ондай өтірікпен баламды өсіргім келмейді», – деді тележүргізуші.

Ол баланың қамы үшін ғана қарым-қатынасты жалғастыруды дұрыс шешім деп санамайтынын жеткізді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2