Мәзір

Қақпашымен соқтығысқан футболшы 30 жасында көз жұмды

Қақпашымен соқтығысқан футболшы 30 жасында көз жұмды Қақпашымен соқтығысқан футболшы 30 жасында көз жұмды
Фото: "Тенерифе" ФК

Испанияның «Тенерифе» клубының шабуылшысы Хесус де Мигель 30 жасында көз жұмды. Футболшы «Андорраға» қарсы матч кезінде ауыр жарақат алған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қайғылы оқиға 2 қарашада Испанияның екінші дивизионы аясындағы ойынның қосымша уақытында болған. Хесус де Мигель қарсылас команданың қақпашысы Хесус Овономен соқтығысып қалған. Сол сәтте қақпашының тізесі шабуылшының кеуде тұсына тиген. Соққыдан кейін футболшы есінен танып, алаңға құлаған.

Осы оқиғадан соң төреші қарсылас қақпашыға қызыл қағаз көрсеткен. Матч 2:2 есебімен тоқтатылды.

Футболшыны аман алып қалу мүмкін болмады

Оқиға орнында Хесус де Мигельге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілген. Алайда жолда оның жүрегі тоқтап қалған.

Дәрігерлер жүрек соғысын қайта қалпына келтіріп, футболшыны жансақтау бөліміне жатқызғанымен, өмірін сақтап қала алмады.

3 қараша күні таңертең «Тенерифе» клубы шабуылшының қайтыс болғанын ресми түрде растады. Клуб мәліметінше, Хесус де Мигель жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де көз жұмған.

«Қайғыдан қан жұтып, болған оқиғаға әлі де сене алмай, Хесус де Мигель Аламеданың қайтыс болғанын хабарлаймыз. Бұл ауыр қазаны жеңілдететін сөз жоқ. Біз оның отбасына, жақындарына және бүгін осы қайғылы хабарға ортақтасып отырған «Тенерифе» жанкүйерлеріне көңіл айтамыз. Хесус де Мигельдің отбасы көрсетілген қолдау мен көңіл айту сөздері үшін баршаға алғыс білдіреді. Сондай-ақ осынау ауыр сәтте олардың жеке өміріне құрметпен қарауды сұрайды», – делінген клуб мәлімдемесінде.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2