Мәзір

Мөлдір Мұқанова 11 млн теңгеге алған алқасын көрсетті

Мөлдір Мұқанова 11 млн теңгеге алған алқасын көрсетті Мөлдір Мұқанова 11 млн теңгеге алған алқасын көрсетті
Фото: видеодан алынды

Продюсер Мөлдір Мұқанова гауһар тастармен безендірілген алқасының бағасын жариялады. Оның айтуынша, әшекейді 11 миллион теңгеге сатып алған, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Бриллианттармен көмкерілген алқа әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударған. Продюсер жаңа әшекейін өзіне жасаған сыйлығы екенін айтып, оны жақында ғана сатып алғанын жеткізді.

«Өз-өзіме сыйлық жасадым. Бұл – менің алғашқы бриллиантым. Өзімнің кольем. Жақында ғана алдым. Жап-жаңа. Бүгін екінші рет тағып тұрмын», – деді Мөлдір Мұқанова.

Сондай-ақ продюсер банктер алдында қарызы бар екенін де жасырмады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта 8 миллион теңге несиесі бар.

«Мұнша қарызымның барын жасырмаймын. Онда тұрған не бар? Еш уайымдамаңыздар, әр қазақтың басында кредит бар», – деп әзілдеді ол.

Желі қолданушыларының бір бөлігі продюсерге жылы лебізін білдіріп, «Жарқырай бер» деп жазған. Ал енді біреулері оның әшекейі мен жеке өміріне қатысты әзіл пікірлер қалдырған.

Атап айтқанда, «Тұрсынбектің неге алды-артына қарамай қашқаны түсінікті болды» деген пікір де жазылған.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2