Мәзір

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті

Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті Қазақстанның ең қарт тұрғыны 116 жасында өмірден өтті
Фото: gov.kz

Ұлытау облысында Қазақстандағы ең ұзақ жасаған тұрғындардың бірі Түймегүл Темірбаева 116 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Әкімдік марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Түймегүл апа Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар ауылында тұрған.

Түймегүл Темірбаева кім болған?

Түймегүл Темірбаева 1910 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Жайылма ауылында дүниеге келген. Әкесі Шотаяқ жылқы баққан, анасы Маңғаз үй шаруасымен айналысып, жұбайына көмектескен. Түймегүл апа үш жасында анасынан айырылған.

1932 жылы тұрмысқа шыққан ол екі жылдан кейін «Жеңіс» кеңшарында жылқы бағушының көмекшісі болып еңбек ете бастаған. Жұбайы Аязбай Темірбаев екеуі үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірген.

Ғұмырының соңына дейін 15 немере, 25 шөбере сүйген.

«Күйеуім екеуміз өмір бойы мал шаруашылығымен айналыстық. Ол жылқы бақты, мен көмектесіп, бие саудым. Қымыз жасадық. Киіз үйде қарапайым өмір сүрдік», – деген еді Түймегүл апа бұрынғы сұхбаттарының бірінде.

Ол ұзақ ғұмыр сүруінің сырын еңбекқорлықпен және жақындарының қамқорлығымен байланыстырған. Өмірінің соңғы жылдарын Қызылжар ауылында кенже ұлымен бірге өткізген.

Айта кетейік, Түймегүл Темірбаева 2026 жылғы тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауына да қатысып, дауыс берген.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2