Мәзір

Билікті күшпен өзгертпек болған: Атырауда 10 адам ұсталды

Билікті күшпен өзгертпек болған: Атырауда 10 адам ұсталды Билікті күшпен өзгертпек болған: Атырауда 10 адам ұсталды
Фото: gov.kz

Атырау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 10 адамды ұстады. Олар экстремистік топ құруға, оған жетекшілік етуге және қатысуға, сондай-ақ терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыруға күдіктеліп отыр, деп хабарлайды buginmedia.kz.

ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, арнайы іс-шаралар 2026 жылғы 30 қазанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жүргізілген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгертуге әрекеттенген.

Ұстау кезінде күдіктілердің тұрғылықты жерлеріне тінту жүргізілген. Нәтижесінде атыс қаруы, есірткі заттары, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Сонымен қатар топ мүшелері балалар мен жасөспірімдерге арнап құрған үш жасырын оқу орталығының жұмысы тоқтатылған.

ҰҚК мәліметінше, топтың кейбір мүшелері бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге деректері жария етілмейді.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2