Мәзір

Ақмола облысында екі адам қайғылы жағдайда қаза тапты

Ақмола облысында екі адам қайғылы жағдайда қаза тапты Ақмола облысында екі адам қайғылы жағдайда қаза тапты
Фото: видеодан алынды

Ақмола облысының Зеренді және Целиноград аудандарында екі адам көз жұмды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиғалар екі ауданда тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Зеренді ауданында дала жұмыстарын жүргізу кезінде Еленовка ауылының 46 жастағы тұрғыны қаза тапқан. Ер адам шөп престейтін техниканың механизміне қысылып қалған.

Ал Целиноград ауданында Түркістан облысынан келген 22 жастағы азамат электр тогының соғуынан көз жұмған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері екі оқиғаның да мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2