Индонезияның Бали аралы маңында төрт ресейлік турист пен гид мінген қайықта жарылыс болып, өрт шықты. Абырой болғанда, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды buginmedia.kz.
ТАСС мәліметінше, қайық шығанақтан шығып, келесі бағытқа жол тартуға әзірленіп жатқан. Кенеттен кеменің артқы жағындағы аккумулятор орналасқан бөлікте жарылыс болған. Артынша жалын тұтанған.
Өрт басталған кезде қайықтағы төрт турист пен гид аман қалу үшін теңізге секірген. Сол маңнан өтіп бара жатқан басқа кеме оларды судан алып шығып, жағаға жеткізген.
Гидтің сөзінше, қайық сапар алдында техникалық байқаудан өтіп, пайдалануға жарамды деп танылған. Қазіргі уақытта жарылыстың неден болғаны туралы нақты ақпарат жоқ.