«Туристік сапарлардың өсуіне байланысты Қазақстанға жат қауіпті инфекцияларды елге әкелу қаупі артады», - деп мәлімдеді ведомство.
Ылғалды климатқа және тропикалық аурулардың жоғары концентрациясына байланысты қауіпті өңірлер:
Африка,
Оңтүстік Америка,
Оңтүстік-Шығыс Азия.
Жұқтыру жолдары:
Ластанған су және тамақ,
Масалардың шағуы,
Науқастармен байланыс,
Жыныстық жол.
Инфекциялардан қалай сақтану керек
Тырысқаққа қарсы (Үндістан, Африка, Йемен және т. б.):
Күмәнді сападағы суды ішпеу,
Тек бөтелкедегі/қайнатылған суды ішу,
Көкөністерді/жемістерді жуып, қайнаған су құю,
Дәретханадан кейін, тамақтанар алдында және т. б. қолды сабынмен жуу.
Безгекке, Денгеге қарсы және т. б. (Африка, Азия, Латын Америкасы):
Жабық киім кию,
Репелленттерді қолдану,
Москит торларын қою,
Фумигаторлар мен аэрозолдерді қолдану.
Фактілер мен статистика:
17 өткізу пункті санитариялық-карантиндік бақылаумен қамтамасыз етілген,
күн сайын ҚР шекарасынан 50 000 адам өтеді,
5 айда: 2,6 миллион адам,
температурасы бар 43 жолаушыға көмек көрсетілді.
Сапар алдындағы кеңестер:
Баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайды зерттеңіз,
Дәрігерден профилактикалық консультация алыңыз,
Жолға негізгі қорғаныс жиынтығын алыңыз.