Мәзір

Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады - Тоқаев

Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады - Тоқаев Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады - Тоқаев
ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты құрылымдардың ортақ тарихи және мәдени мұраны зерттеу мен насихаттау бағытындағы жұмыстарына да тоқталды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Түркі академиясының бастамасымен «Түркі әлемінің киелі географиясы» атты үш томдық еңбек, «Көне түркі жазбаларының» бес томдық каталогі және «Қазіргі түркі тілдері сөздігінің» 25 томдығы жарық көрген.

Сондай-ақ Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Turkic Heritage» халықаралық цифрлық платформасын әзірлеген. Президент бұл жоба түркі халықтарының тарихы, әдебиеті мен мәдениетін кеңінен танып-білуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тоқаев Алтайдың түркі әлемі тарихындағы орнына да назар аударды. Оның сөзінше, биыл Қазақстанда «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өткен.

«ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ. Біз осы бастама аясында түркі өркениетінің рухани үндестігі мен сабақтастығын сақтауға ықпал ететін ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, әдебиет пен тіл мәселесіне арналған Қожа Ахмет Ясауи халықаралық форумын, сондай-ақ Түркі және ислам әлемі мұражай ісі мамандарының жиынын өткіземіз. Ғалымдарымызды осы іс-шараларға белсене атсалысуға шақырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2