Танымал көріпкел Ақгүл Әсетқызы журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, Қазақстанда болашақта ашаршылық пен бірнеше жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Сұхбат барысында ол Қазақстанда ашаршылық болуы мүмкін деген болжамын айтып, бұл туралы әлеуметтік желіде бұған дейін де жазғанын жеткізді.
«Қазақстанда ашаршылық келе жатыр. Бұл жазбаны мен біраз уақыт бұрын жариялаған болатынмын. 30-жылдары бізде қандай ашаршылық болғанын білесіздер. Өте мұқият, өте ұқыпты, саналы түрде жасалатын ашаршылық келе жатыр. Ол кезде де қудалау болды, ақыр соңында қара халық қырылды. Дәл солай. 30-жылдары болған ашаршылық бірден басталған жоқ. Оған 10–15 жыл дайындалды. Дәл солай қазір де дайындық жүріп жатыр», – деді Ақгүл Әсетқызы.
Көріпкелдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Айта кетейік, Ақгүл Әсетқызының айтқандары – оның жеке болжамы.